Даму перспективалары
Орталықтың 2025–2029 жылдарға арналған стратегиясы ҚҰБ Цифрландыру және деректерді басқару стратегиясына (ҚҰБ Директорлар кеңесінің 27.12.2024 ж. №105 қаулысы) сүйенеді және оның сабақтастығын қамтамасыз етеді.
Басқарма Төрағасының үндеуі
«Цифрлық даму орталығының алдында өршіл міндеттер тұр. Таяу болашақта біз active-active схемасы бойынша жұмыс істейтін өзіміздің негізгі және резервтік деректерді өңдеу орталықтарының құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз: бұл — қаржы секторы цифрлық сервистерінің сенімділігі мен үздіксіздігінің іргетасы. Компанияның стратегиялық мақсаты — Ұлттық Банктің толыққанды AI Center-іне, яғни жасанды интеллект пен деректер бойынша құзырет орталығына айналу. Біз NBK AI Platform мен Деректер фабрикасын дамытып, ЖИ-шешімдерді Банк пен еншілес ұйымдардың процестеріне енгізіп, әлемдік деңгейдегі инженерлер командасын өсіреміз. Сенімдімін, бірлесіп біз Қазақстанның қаржы секторындағы цифрлық дамудың жаңа стандартын қалыптастырамыз.»
Даму стратегиясына сәйкес жаңа бағыттар және 2029 жылға дейінгі басымдықтар
Ортақ қызмет көрсету орталығы
Бірыңғай байланыс орталығы, ДӨО іске асыру, орталықтандырылған IT-сатып алу.
Деректерді өңдеу орталықтары (ДӨО)
Георезерв алаңы, жаңа негізгі және резервтік ДӨО, active-active схемасы.
Жасанды интеллект
ЖИ-ді Орталық қызметіне енгізу және ҚҰБ Деректер фабрикасының негізгі компоненті ретінде дамыту.
Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесі
ҚР Ұлттық Банкі мен еншілес ұйымдардың БЭҚЖ-і.